АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ЖІТІ НАЗАРДА

«Стоматологиялық аурулар» пәнінен «Тіс жегі ауруы» тақырыбы бойынша стоматология мамандығының арнайы пән оқытушысы Кушербаева Толқын Бектайқызы ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланды. Үй тапсырмасын кузис бағдарламасы арқылы тексеріп, жағдаятты есеппен пысықтады. Жаңа сабақты бағдарлау үшін ағылшын тілінде бейне ролик көрсетті. Ондағы мақсат білім алушылардың жаңа сабақ не жайында екенін ағылшын тілінде болжай алуға үйрету. Одан әрі жаңа сабақ суреттер және презентациялар арқылы түсіндірілді. Алған білімді пысықтау үшін оқушыларды 4 топқа бөліп салыстыру кестесін толтыру және фигураларды құрастыру тапсырылды.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау бойынша оқушыларды формативті бағалады.

Сабақ соңында кері байланыста қызықты стикерлер арқылы оқушылар алған әсерлерін білдірді.

Сабақтың нәтижелі болуы мұғалімнің көп ізденісінің жемісі. Толқын Бектайқызы теория мен практиканы қатаң ұштастырып жүрген оқытушы, «педагог-зерттеуші»


You may also like...