Поддержка выпускников

  • Мейіргер ісі
  • Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры
  • Емдеу ісі
  • Акушерлік ісі
  • Фармация, Лабораторилық диагностика, Стоматология, ортопедиялық стоматология

     «Мейіргер ісі» мамандығы, «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі бойынша 2022-2023 оқу жылында 66 бітірушілерге қолдау көрсету мақсатында, Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға қатысты білім беру

бағдарламаларына өзгерістер енгізу бойынша Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға қатысты енгізілген порталдармен жұмыс жасауды үйрету мақсатында жүргізілген іс – шаралар:

          1.Бітіруші түлектерге «КЕШЕНДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ» атты 20 сағаттық факультатив сабақ (тәжірибелік) ұйымдастырылды.

  1. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан және арнайы іс-сапармен келген облыстық және аудандық емдеу ұйымдарының директорларымен бітіруші түлектердің кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуде Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында кадр тапшылығы мәселесі, соған байланысты  қазіргі таңда енгізілген «Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару»  мемлекеттік  бағдармасының ережелерімен таныстырды, жеке-жеке сұхбат жүргізілді.Сонымен қатар Астана Медициналық Университеті қызметкерлері де түлектердің білімін жалғастыруда өз талаптарымен таныстырып өтті.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы емдеу мекемелерінің басшаларының түлектермен кездесу сәті

 

 

 

 Астана Медициналық Университетінің түлектермен кездесу сәтінен

 

 

 

        «Мейіргер ісі» мамандығы, «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі бойынша Қызылорда медициналық жоғары колледжінің үшінші курс студенттер арасында «Үздік мейіргер - 2023» сайысы ұйымдастырылып, МІ 46 топ білім алушысы Мамбетова Гүлзат Алтынбекқызы ІІІ орын иемденсе,  МІ 3 топ білім алушысы Ахан Бибібәтима Бауыржанқызы ІІІ орын  алды. «Үздік мейіргер - 2023» сайысында сарапшылық жасаған колледж түлектері Боранбаева Айсулу,Аманжолова Нүргул, Ибрагимова Сабилла сайыс соңында жұмыс саласының қиындығы мен қызық сәттерін ескеле ала отырып, түлектерге сәттілік тіледі.

  1. «Мейіргер ісі» мамандығы, «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі бойынша білім алушылары Мусабекова Дариға мен Нағашыбай Дильназ колледж мүмкіншіліктерін дәріптеу мақсатында өздерінің колледж қабырғасында алған білімдерінің нәтижелерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

«Медбикелік ісі» мамандығы, «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша 2022-2023 оқу жылында  60 бітіруші түлекке қолдау көрсету мақсатында,   жұмысқа орналасу барысында түйіндемені дұрыс, сауатты жазуларына ықпал ету үшін қосымша сабақ ұйымдастырылып, өткізілді. Колледждің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Алиакбар Қамарсұлу бітірушілерге түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық бөліктерін түсіндіріп берді. Студенттерге түйіндемені толтырғанда өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі жайлы нақты, қысқа мәлімет, сондай-ақ жеткен жетістіктері, не нәрсеге икемділігі бар екені жазылу керектігіне мән берілді.

 

 



«Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігі бойынша 2021-2022 оқу жылында 114 бітірушілерге қолдау көрсету мақсатында, жұмысқа орналасу барысында түйіндемені дұрыс, сауатты жазуларына ықпал ету үшін қосымша сабақ ұйымдастырылып, өткізілді. Колледждің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Әлиакбар Қамарсұлу Махмутқызы бітірушілерге Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық бөліктерін түсіндіріп берді. Студенттерге түйіндемені толтырғанда өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі жайлы нақты, қысқа мәлімет, сондай-ақ жеткен жетістіктері, не нәрсеге икемділігі бар екені жазылу керектігіне мән берілді.

C:\Users\Asus\Desktop\САЙТ\түйіндеме 2021-22\WhatsApp Image 2022-04-05 at 13.29.27 (6).jpeg

C:\Users\Asus\Desktop\САЙТ\түйіндеме 2021-22\WhatsApp Image 2022-04-05 at 13.29.27 (8).jpeg

C:\Users\Asus\Desktop\САЙТ\түйіндеме 2021-22\WhatsApp Image 2022-04-05 at 13.29.27 (10).jpeg