Колледж кітапханасының оқу залында М-85 топ студенттері және топ жетекшісі Жамалатова Гулмира,кітапхана меңгерушісі Раманқұлова Айнұр қатысуымен «Кітап – сарқылмас рухани қазына » атты ашық топ сағаты өткізілді.

Сөзді кітапхана меңгерушісі Айнұр Раманқұлова алып, кітап туралы көптеген мағлұмат берді

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. “Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік”, – деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Барлық оқушылар топ сағатына өте белсенді қатысты.Кітаптың шығу тарихы жайлы және оның маңыздылығын ұғынды. Өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өздері білетін кітап туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты. Қызықты жұмбақтарды шеше отырып,кітаптың қыр-сырын танып білді.

You may also like...