ЖАС МАМАНДАР БІЛІКТІЛІК КӨТЕРДІ

Биылғы оқу жылында колледждге оқытушылық қызметке жаңадан 20 дан астам маман келді. Олардың арасында оқу орнын биыл ғана бітірген жас мамандар да, емдеу мекемелерінде бірнеше жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандарда бар. Алайда, олардың бәрінен педагогикалық құзіреттілік талап етіледі. Бүгін жас мамандар “ЖАС ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ” тақырыбында Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ- нан біліктілігін арттырып, 80 сағаттық сертификатқа ие болды. Сертификатты институттың тренері, курсты өткізген оқытушы Орманов Оразбай табыстады.

You may also like...