2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Колледжінің мəжіліс залында директор Тасмағанбетова Салтанат Сейтқалиқызы 2022 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Жылдық қорытындылау жиналысына Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасары Шайымбетов Жанкелді Мырзагелдіұлы қатысты. Сонымен қатар колледж қызметкерлері, оқытушылары мен техперсоналдары қатысты.

Салтанат Сейтқалиқызы 2022 жылғы кешенді жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстарды баяндап, алға қойған мақсаттар, оны іске асыру жəне дамыту жолдарын баяндады.

Алдағы 2023 жылға арналған басты міндеттер белгіленді.

Жанкелді Мырзагелдіұлы білім ордасының жұмыстарының басты көрсеткіші ғылымға ден қою деді, білім алушыларды ғылыми жұмыстарға тартуға, халықаралық ғылыми басылымдарға мақала жариялауға ден қою мәселесін айтты.

Жиын соңында Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары

Жанкелді Мырзагелдіұлы атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, барша қызметкерлерге табыс, ұжымға абырой тіледі.

You may also like...