Ұлтын сүйген Темірбек

Бүгін Қызылорда медициналық жоғары колледжінде көрнекті қайраткер Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жасқа толуына орай «Мейіргер ісі-76 » топпен дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан мен Орта Азияға аты мәлім болған қазақ елінің өркендеп дамуына елеулі үлес қосқан, қазақ халқының мақтанышы, Сыр түлегі – Темірбек Жүргенов еді.

Темірбек заманын терең түсінген, халқының тіршілік-тынысын терең сезіне білген суреткер еді. Отызыншы жылдары қазақ баспасөзіне белсене араласып, дәуір тынысын, дәуір үнін білдіре жазды. Т. Жүргеновтың әдеби мұрасы аз емес. Оның көбісі очерк, публицистика, мақала,резенция, аударма болып келеді.

You may also like...