“Жалпы кәсіптік пәндер – медицина бастауы”
10-14 сәуір аралығында осындай тақырыппен “Жалпы кәсіптік пәндер-1” бірлестігінің апталығы болып өтті.
Іс шаралар барысы:
10 сәуір күні «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнінен «Жақсы адам елдің ырысы, жақсы сөз жанның тынысы» атты топаралық сайысы өтті. Сайысты өткізуші Жумашева Светлана.
III-IV курс оқу топтары арасында “Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар” пәнінен
«Жақсы адам елдің ырысы, жақсы сөз жанның тынысы» атты топаралық сайыс өткізілді, сайысқа «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» және «Қолданбалы бакалавр» бітіруші топ студенттері қатысты. Топ мүшелері әр топтан 3 адамнан жасақталды.
Сайыс 3 кезеңде өтті:
І-кезең: «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнінен кешенді тест» – оқу бағдарламасына сәйкес студенттерге 100 тест сұрақтары берілді.
ІІ-кезең: «Жағдаят» – берілетін уақыт: 15минут;
– қатысушылар экранда көрсетілген жағдайды тауып және көрсетіп ойнап берді.
Бағалану ұпай саны – 5балдық жүйемен бағаланды.
III-кезең: «Қатесін тап» – берілетін уақыт: 10 минут. – арнайы дайындалған студенттер «Пациентті зерттеуге дайындау» жағдайын көрсетті.
Коммуникативті дағдылар көрсету барысындағы жіберілген қателіктерді табу қажет.
Бағалану ұпай саны – 5балдық жүйемен есептелді.
11 сәуір күні: «Кім жүйрік?» интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысты өткізген «Электронды денсаулық» пәнінің оқытушысы Есенгалина Салтанат.
Интеллектуалды сайысқа Қолданбалы бакалавр 2 курс және топ білім алушылары қатысты. Әр топта 3 білім алушыдан болды.
Сайыс 3 кезеңнен өтті.
І кезең: Медициналық ақпараттық жүйеге саяхат (сұрақ-жауап)
ІІ кезең “Миллион кімге бұйырады” ойыны
ІІІ кезең: ПОЛИГЛОТ «Үштілділік білім»
3 күні: 12 сәуір күні колледжіміздің психологтарының Ералиева Сабыркул мен
Молдабекова Аида «Тұз терапиясы» тренингін өтті. Тренингке 9 сынып негізіндегі 1 курс білім алушылары қатысты.
Білім алушыларға плакат, тұз, түрлі түсті болар берілді. Тұзды әртүрлі түспен бояп, плакатқа еркін тақырыпта сурет салу тапсырмасы берілді.
4 күні 13 сәуір күні Молекулалық биология, медициналық генетика пәнінен «Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері» плакаттар сайысы өтті. Плакаттар сайысына 9 сынып негізіндегі 2 курс, 11 сынып негізіндегі 1 курс білім алушылары қатысты.Нәтижесі арнайы әділ қазылар алқасы сайланып, нәтижесі апталықтың соңғы күнінде айтылды.
5 күні 14 сәуір күні «Молекулалық биология, медициналық генетика» пәнінен олимпиада өтті. Олимпиадаға 9 сынып негізіндегі 2 курс 40 топ, 42 топ, 43 топ, 62 топ білім алушылары қатысты. Әр топтан 3 білім алушы қатысты. Пәнаралық олимпиада 6 кезеңнен тұрды:
І – кезең:Таныстыру. Топтың аты және эмблемасын түсіндіру бір біріне сәйкес келуі және эмблеманың көркемдік әсемделуіне назар аударылды. 5-10ұпай арасында.
ІІ – кезең: Тест тапсыру. QUIZIZZ-тест қорытындысы сайыс басталардан бұрын өткізіліп бағалау парағына жазылды.
ІІІ – кезең: Үй тапсырмасы. «Тұқымқуалаушылыққа қоршаған ортаның әсері» тақырыбында бағалауға нұсқау қосымша берілді. Әділ қазылар алдына критериилер ұсынылды.
ІУ – кезең: Кариограмма анықтау. Әр топшаға кариограмма берілді, кариограмма бойынша 5 сұрақ берілді. Кариограмма бойынша берілген әр дұрыс, толық жауап 2 ұпайдан беріледі, 1 кариограмма 5 сұрақ-10 ұпай берілді.
У – кезең: Менен сұрақ – сізден жауап. әр топқа 10 сұрақ оқылады, әр дұрыс жауап 1 ұпай, барлығы дұрыс болса 10 ұпай берілді.
УІ – кезең; Жасырын ұяшықтар. 10-20-30 ұпайлық сұрақтар болады,жауап берген ұяшық неше ұяпай сонша ұпай иеленеді, әр топта ұяшық таңдау құқығы 2 рет. Барлық ұпай саны қосылып, қортынды баға шығарылады