ӘРІПТЕСІМІЗДІҢ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ БОЛДЫ
Бүгін “Мейіргер ісі” мамандығының республикалық оқу әдістемелік бірлестігінің отырысында колледж оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Жумашева Светлана Абайқызы өзінің “Психология негіздері және коммуникативті дағдылар” атты кітабын презентациялады.
Кітап медициналық жоғары колледжінде даярланатын мамандықтарда білім алатын студенттер үшін таптырмас әдістемелік құрал болып табылады, өйткені әр маман бойында коммуникативті дағды қалыптастыру осы пәннен бастау алады.
Әріптесіміз Светлана Абайқызына жоғары шығармашылық табыстар тілейміз!