ОҚЫТУШЫМЫЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК- СЫНЫП ӨТТІ

Бүгін колледжінің 95 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде «Химияны оқытуда виртуалды зертхананы қолдану және оның тиімділігі» атты республикалық практикалық онлайн шебер сыныбы болды. Шеберлік- сыныпты химия пәнінің оқытушысы, “педагог- зерттеуші” Биболатова Салтанат Нұрәліқызы өткізді.

Шеберлік – сыныпта «Лабораториялық диагностика» мамандығының кәсіптік және арнайы пәндері «химия», «органикалық химия», «аналитикалық химия” пәндерін жүргізудің виртуалды әдісімен, яғни Виртуалды зертхананы пайдалану, Сабақ барысында виртуалды зертхананы қолдану тәртібімен таныстырды. Шебер- сыныпқа республика бойынша 17 медициналық колледж қатысып, әріптестердің тарапынан сұрақтар, ризашылық пікірлер болды.

Айта кетейік ZOOM платформасында өткен шеберлік- сынып «Қазақстан медициналық колледждер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өтті.

You may also like...