«ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» тақырыбында диктант жазылды
Облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 тапсырмасымен мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпы ұлттық патриоттық диктанты Қызылорда Жоғары медициналық колледжінде 1 курстар арасында ағымдағы жылдың 4 мамыр сағат 10.00-де ұйымдастырылды.
Жалпы ұлттық патриоттық диктантқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Әлиакбар Қамарсұлу, Абызова Әлия, Рүстемова Гүлзия, Әмреева Гүлнұр, Исламбек Аружан қатысты.
Диктантқа бірнеше топтар қатысты атап айтқанда емдеу ісі-70 топтан, 23 білім алушы, 107-топтан, 24 білім алушы, 26-топтан, 25 білім алушы, 105-топтан, 22 білім алушы, 27 -топтан, 19 білім алушы және дантист мамандығы бойынша 9-топтан 24 білім алушы қатысты.
Барлығы 137 білім алушы диктантты жазды.