МЕЙІРГЕРЛЕРІМІЗ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
12 – мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне орай Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шарада басқарма басшысы- О.Е. Искаков “Қазақстан медицина колледждері Одағы” заңды тұлғалар бірлестігінің “Мейірбике ісін дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен ҚМЖК “ Мейіргер ісі” пәнінің оқытушылары Кемелбаева Гулаим Сапарбековнаны, Абдраманова Гулайна Танирбергеновнаны және “ Мейіргер ісі” ассоциациясының “ Мейірім” төсбелгісімен Прманова Шакизада Шындалиевна марапаттады. Сондай ақ, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Алғыс хатымен Кемелбаева Гулаим Сапарбековна марапатталды. Оқытушыларымызды құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, білімді шәкірттері көп болсын деп тілек білдіреміз.