(KAZ) 2-қараша күні колледж әкімшілігі мен ҚПБ ЖППБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры А. Мамбеталиев ұлдармен кездесу өткізді, себебі аймағымыздағы Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

А.Мамбеталиев Қазіргі таңдағы қылмыстардың жасөспірім тарапынан немесе топтасқан төбелестердің кездесіп жатқандығы туралы айтуымыз керек. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Колледж заңгері Т.А. Нұрымбетов: Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесіне ішкі істер, білім беру, денсаулық сақтау органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін мемлекеттік орган, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар кіретіні ескертілді.

You may also like...