«Оян, қазақ!» – Ұлт рухының ұраны
Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған іс-шара
10 желтоқсан күні колледж кітапханасының каворкинг орталығында Емдеу ісі–94 тобының қатысуымен Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған топ сағаты өтті.
Іс-шара барысында ұлт зиялысы, ағартушы-қайраткер Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы кеңінен талқыланды. Оның «Оян, қазақ!» жинағы — халқымызды надандық пен жалқаулықтан арылып, отарлық бұғаудан құтылуға үндеген ұлы туынды екені атап өтілді.
Міржақып Дулатұлы елдің еркіндігі мен болашағы – білімде, бірлікте және ұлттық санада екенін насихаттаған тұлға. «Оян, қазақ!» кітабы – еркіндік пен рухтың манифесі, бүгінгі ұрпаққа да өнеге болып қала бермек.
Қазақ әдебиетінің халықаралық деңгейдегі таныстырылымы болды.
Германияның Майндағы Франкфурт қаласында әлемдегі ең ірі кітап жәрмеңкелерінің бірі – 77-ші “Frankfurter Buchmesse 2025” халықаралық кітап көрмесі ашылды.
Көрме аясында ұлттық стенд ұйымдастырылып, 350-ге жуық отандық кітап пен жаңа басылымдар қойылды. Олардың арасында жеті тілге аударылған «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа ұлағат» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің классигі Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романы да шетел оқырмандарына таныстырылды.
Қорытындылай келе, «Оян, қазақ!» рухы — ұлттың өзіндік санасын жаңғыртып, егемендік пен елдік мұратын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін мәңгілік үндеу.









