БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ- ҮЗДІКСІЗ ДАМУ

Қызылорда облыстық онкология орталығы мен колледждің ұйымдастырумен 1 -6 маусым күндері “Қызылорда облысы бойынша сүт безі скрингін ұйымдастыру және оның орындалу техникасы” тақырыбында барлық БМСК ұйымдарының қызметкерлеріне 60 сағаттық оқу-семинар жұмыстары жүргізілді.

Семинардың басты қонақтары Алматы қаласынан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкогинеколог дәрігері Кукубасов Ерлан Каирлыевич (Онкогинекология орталығының басшысы) және осы институттың “Маммология» орталығының басшысы, Абдрахманова Алия Жаналыковна (медицина ғылымдарының докторы) дәріс оқып тәжірибе алмасты.

Ғалымдар “Суровая реальность статистики рака молочной железы” тақырыбында А.Ж.Абдрахманова және “Малоинвазивная хирургия при гинекологическом раке” тақырыбында Е.К.Кукубасов дәріс оқып қатысушыларға түсіндіндірме беріп, сұрақтарына жауап берді.

Оқу соңында қатысушыларға арнайы біліктілікті арттыруды растайтын сертификат берілетін болады.

You may also like...