КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН САЙЫС

Колледж әдістемелік бөлімінің 2022-2023 оқу жылындағы жоспары аясында 6 -маусым күні жас оқытушылар мен тәлімгерлерінің кәсіби ынтымақтастығын жолға қою мақсатында «ЫНТЫМАҚТЫ ПЕДАГОГТАР» байқауы болып өтті.

ҚР Білім және Ғылым минстрлігінің «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрығында «Педагогикалық әдептің бір қағидаты «кәсіби ынтымақтастық» деп аталады, онда «Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға жәрдем көрсетеді» деп анық көрсетілген.

Сондықтанда бүгінгі «ынтымақты педагогтар» сайысын жаңа білім беру мен сабақ беруде басты мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық іс-әрекет, сондай ақ, табысқа жеткізетін тәжірибиелер алаңы десек те болады.

Байқау екі турдан тұрды:

I тур – сырттай жүзеге асты, онда оқытушылар портфолио тапсырады, 15 минуттық сабағы және эссе.

ІІ тур -қазір болғалы тұрған ашық байқау, ол 4 кезеңнен тұрады

1. Іскерлік карта

2. Зияткерлік марафон

3. Тәлімгердің мастер классы

4. «Жас оқытушы мен тәлімгері ұсынған колледждегі жаңа пән» жобасын қорғау

Сайыс қорытындысымен І дәрежелі диплом биология пәнінің жас маманы Орақбаева Гүлназ және тәлімгері Алматова Ардаққа берілді. ІІ орынға ағылшын тілі пәнінің жас маманы Меруерт Тұрарбек пен тәлімгері Өмірбек Жанар, ІІІ орынға биология пәнінің жас маманы Қыпшақова Сағыныш пен тәлімгері Перизат Уалиева ие болды.

Сондай ақ белсене қатысқан сайыскерлерімізге номинациялар мен алғыс хаттар табысталды

You may also like...