ҚМЖК “Арнайы мейіргер ісі негіздері” пәнінің оқытушысы Әлімжанова Айгерім Қайырбекқызы Қолданбалы бакалавр 91 топ 2-ші топшаға «Геронтологиялық мейіргер ісі» пәні бойынша, «Пациентті қауіпсіз тасымалдау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында заманауи бағдарлама, әдіс тәсілдер қолданылды. Білім алушылардың өткен білімдерін тексеру мақсатында алдымен, «QAZMATH» тәсілі арқылы 3 топшаға бөлінді. Үй тапсырмасын сұрауда «Umaigra» бағдарламасы қолданылды, яғни студенттер 3 топшаға бөлініп, өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді. 1-ші топшаға «сядь на поезд», 2-ші топшаға «ұрлықшы мысық», 3-ші топшаға «банан аралы» ойыны арқылы өткен тақырып сұрақтарына жауап берілді.
Топтық жұмыс: жаңа тақырып бойынша білім алушылар «білім шамы» әдісі сұрақтарға жауап берді. Жеке жұмыс бойнша: «картошка фри» әдісі арқылы ситуациялық есептер берілді, әр білім алушы стандарт бойынша жауап берді.
Сабақты қорытындылау кезде әр білім алушыға комментарии беріліп, қорытынды бағалары қойылды.


