Командамыз топ жарды!

13.10.2023 жылы Қызылорда медициналық жоғары колледжінде “Есірткісіз аймақ” жобасы аясында “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында колледж студенттері арасында стритболдан жарыс өткізілді.Жарысқа 2-4 курс студенттерінен құралған “Repulse”, ”Star”, “Black Dragons” және де “Dentists” командалары қатысты.Тартысты,қызықты ойын нәтижесінде 1 орынды-“Repulse”, 2 орын “Dentists”, 3 орын “Star” командалары иеленсе,соңғы орынды “Black Dragons” командасы қанжығасына байлады.

Сонымен қатар,үздіктердің үздігін де анықтап,нәтижесінде, “Үздік шабуылшы”-Бисенов Серікболсын, “Үздік қорғаушы”-Байтұрсын Дәурен атанса, Орынбасаров Дамир “Үздік ойыншы” атағына ие болды.Командаларға кубоктар,дипломдар және арнайы марапат сыйлықтар табысталды.Ойынды ұйымдастырушы Қызылорда медициналық жоғары колледжінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі,арнайы баскетбол үйірмесінің жетекшісі Исмаилов Арман Болатович.Қатысқан командаларға,колледж ұжымына,рахмет айта отырып,жетекшіге алдағы оқу жылына сәттілік,толағай табыс тілейміз!Білімді,білікті дені сау ұрпақтарымыз көп болсын!

You may also like...