“Қалың мал қыздың бағасы ма, әлде бағы ма?….”
Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы оқу залында Е-66 топ студентерімен, жазушы С. Көбеевтің “Қалың мал” романы бойынша ” Қалың мал қыздың бағасы ма, әлде бағы ма?….” атты әдеби дөңгелек үстел өтті. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген.