Қызылорда медициналық жоғары колледжінде “Жастар арасындағы нашақорлықтың АИТВ/ЖИТС алдын алу” тақырыьында өткізілген шараға 1,2,3 курстардан 207 білім алушы, топ жетекшілер, арнайы пәндер бірлестік оқытушылары, колледж әкімшілігі қатысты.

Кездесуге дәрігер инфекцонист дәрігер А.М.Балмаханова, Жастар денсаулық орталығының психолог маманы А. Шаймерденова қатысты. Мамандар слайд, жаднамалар таратылып, видео ролик көрсетілді. АИТВ адамның иммун тапшылығы- адамға өте қауіпті вирустардың бірі. Нашақорлық- есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесіндепайда болатын созылмалы дерт. Есірткінің оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті.Әсіресе, қазіргі кезде, жағымсыз әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру барша қоғам, адамзаттың басты міндетіне айналу қажет. Сөз соңында жастарды Болашағы кең, дені сау мықты кәсіби маман болуға шақырады.

You may also like...