20-24 қараша аралығында “Арнайы пәндер-5” бірлестік апталығы жоспарланған. Апталық “Жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулардың зардабы” тақырыбы аясында өтеді.
20 қараша күні апталықтың ашылуында ЖИТС-орталығының дәрігер-инфекционисті Балмаханова Айгуль Майданбайқызы және “Жастар денсаулық орталығының” психолог маманы Шаймерден Арайлым қатысты.
Іс-шара – дискуссия және семинар түрінде өтіп, студенттерге ЖИТС-ның даму тарихы, жұғу жолдары, клиникалық белгілері мен емі туралы ақпарат берілді.
Бұл кездесу 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-мен күресу күніне орай өткізілді




