Кеше колледжде «Булинг, Кибербулинг» тақырыбында колледж білім алушылармен кездесу өтті.

Мақсаты қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі- жасөспірімдер арасындағы Булинг, Кибербулингтің білместігінен әр түрлі жағдайлардың белен алып бара жатқаны..

ҚПБ ЖПҚб ЮПБ аға инспекторы полиция майоры А.Мамбеталиев сөз сөйледі:

Қазіргі таңдағы осы тақырыпта болып жатқан түрлі жағдайлардың әсерінен жасөспірім арасында бопсалау, әртүрлі мазақ қылу, дөп көрсету нәижесінде заңды түрде жауапкершілікке тартылу жөнінде бірақ ақпарат берді. Булинг, Кибербулингті алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы жауапкершілік, әлеуметтік желінің зиянды әрекеттерінен қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Жиналыс барысында Информатика пән оқытушысы С.Е.Есенгалина өзінің тақырып бойынша бейнеролик көрсетіп, Булинг, Кибербулинг туралы түсінік берді. Әлеуметтік желінің қазіргі таңда осындай түрлі жағдаймен келеңсіз жағдайларға толып бара жатқаның атап өтті. Кибербулинг дегеніміз не? Және одан қалай сақтану жолдары бар? Және білім алушыларға кеңестер берілді. Білім алушылар арасында осындай жағдайлар кездескен кезде, қандай әрекеттер жасалу керектігі айтылды. Булинг, Кибербулинг ол жасөспірімдер білместіктен, қателікпен осындай жағдайға түсіп кетпеуі туралы ақпарат берілді.

Кибербулинг қорқыту, бопсалау, шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.

Білім алушылар арасында сұрақ-жауаптар болды. Олар көптеген пайдалы ақпараттар алып, алдағы уақытта осындай жағдайдан өздерін тыс ұстауға, және сақтық шараларын қолданып жүрулерін айтты. Сонымен қатар білім алушылар көптеген кеңестер алды. Болашақта жаман әдеттен арылып, жақсы маман иесі болуына үлкен күш жұмсап, зиянды әрекеттерден бас тартатындарын айтты

You may also like...