(KAZ) Колледж қабырғасында түрлі құқықтық шаралар өткізілуде. Соның бірі, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылыққа, кибербулинг, булинг, нашақорлықтың т.б алдын алу профилактикалық ақпараттық-танымдық түсіндіру жұмыстары сала мамандарымен жүргізілді.

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

Кездесуге облыстық прокуратура өкілі Д.Ұзақбаев, ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция капитаны С.С.Алдонгаров, Білім басқармасы маманы Ш.Р.Байғазиева, Жастар денсаулық орталығының психолог маманы Р.Джумадильдаева қатысты. 1-2 курс қатысқан білім алушыларға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құқықтық сауаттылық пен тәрбиенің мәні, уытты заттардан аулақ болу, есірткінің адам ағзасына, дамуына кері әсер ететін қауіп қатері айтылды. Өмірде тұлға ретінде жан-жақты қалыптасу, болашағын жоспарлайтын саналы азамат болу , жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіріп қоғам болып қалыптастыруға үлес қоса білу қажеттігіне тоқталды. Алдағы уақытта түсіндірме жұмыстары жалғасатын болады.

You may also like...