ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін колледжде “Әлеуметтік-экономикалық пәндер” бірлестігінің «Ұлы Дала тарихы – мәңгілік Қазақстан» апталығы аясында кәсіптік және техникалық оқу орындарының тарих пәні оқытушылары арасында «Тарих пәні оқытушысының кәсіби шеберлігі: жаңа көзқарас және даму» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция мақсаты: Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі- оқыту мен тәрбие үрдісін жаңаша құру, инновациялық технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдану, сабақты ақпараттандыру және ізгілендіру болып табылады. Қазіргі білім берудегі жетекші мәселелер бойынша тәжірибелер мен білім алмасу. Өңіріміздегі колледждер арасында әріптестікті дамытуға ат салысу.

Конференция барысында

1. «Тарих пәнін оқытудағы инновациялық әдістер мен оқыту формалары»;

2. «Жаңа Қазақстан» кезеңіндегі тарихты оқытудағы мұғалімнің құзыреттілігі;

3. «Жаңартылған білім беру аясында Қазақстан тарихы пәнін оқытудың ерекшеліктері» деп аталатын негізгі бағыттар бойынша қатысушы оқытушылардың баяндамалары тыңдалды. Конференция қонақтары қатарында Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) кәсіптік білім бөлімінің әдіскері Бексейтова Жанат Мнажқызы, Қызылорда облысы педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Ділманов Бауыржан Қыдырбайұлы болды. Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің, Қазалы аграрлы техникалық колледжінің, Қызылорда «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің, Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушылары белсенділік танытты.

Конференция соңында баяндамашы педагогтарға сертификаттар табыс етілді.

You may also like...