«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» атты ЖАСТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Қызылорда студенттерінің Альянсы мен «Respublica» партиясы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен @qosyl.mrc жастар орталығында «Мен жастарға сенемін!» облыстық жастар конференциясы өтті.

Конференцияға қоғам белсенділері, қалалық және облыстық жастар орталықтарының бөлім басшылары, Қызылорда студенттері Альянсының бөлімше төрағалары мен белсенді жастар арнайы қатысты. Конференция барысында 2023 жылғы атқарылған жұмыстар талқыланып, қатысушылардың алдағы жылға ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Конференция қорытындысында «New wave 2023» сыйлығының жеңімпаздарына арнайы номинациялар табысталды. Жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда медициналық жоғары колледжі “ҮЗДІК БӨЛІМШЕ” номинациясымен марапатталды!

МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

You may also like...