ӘДІСТЕМЕЛІКТІҢ ОНКҮНДІГІ

4-17 қаңтар аралығы колледжімізде қысқы каникул болып белгіленді. Осы кезеңде колледж оқытушылары оқытудың жаңа технологиялары бойынша шебер-сыныптар көрсетіп, тәжіриебе жинау, алмасу, тарату және жалпылау мақсатындағы шара жоспары бекітіліп, 16 пәндік бірлестіктерге тапсырма берілді. Олардың ішінде “Үйірме бойынша зерттеу жұмыстары”, “Практикалық сабақтарды оқытуда Google сервисінде платформа құру”, “Заманауи оқу, практикалық сабақтарды цифрлық визуализациялау”, “Білім алушылардың оқу танымдық құзіреттіліктерін Web 2.0 сервисі арқылы дамыту” т.б. тақырыптары бар. Колледж оқытушылары үлкен белсенділік танытты.Әдістемелі жұмыстарды насихаттау, дамыту мақсатындағы онкүндік өз жемісін тәжірибеде береді деген сенімдеміз.

You may also like...