ТАҒАЙЫНДАУ

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №78-ж Бұйрығына сәйкес, еңбек шарты бойынша Калмакова Жанар Амангелдіқызы «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалды.

Жанар Калмакова 1971 жылы 4 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1989 жылы Қызылорда қаласының медициналық училищесін бiтiрген.

Одан соң 1995-2001 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда облыстық ауруханасының реанимация бөлімінде мейіргер болып бастаған.

2001-2014 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жалпы медицина және гигиена кафедрасының оқытушысы;

2014-2015 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісi;

2015-2021 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Жастар денсаулығы облыстық орталығы» МК директоры;

2021 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған.

Медицина ғылымдарының кандидаты. Қауымдастырылған профессор.

Жанар Амангелдіқызының жаңа қызметiне сәттiлiк тiлеймiз!

You may also like...