19.03.2024 жылы «Арнайы мейіргер ісі негіздері» пәндер бірлестігінің ұйымдастырылуымен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітіруші топ түлектері арасында «Үздік мейіргер – 2024» байқауы өткізілді.

Байқау 3 кезеңнен тұрды:

1-кезең Байқауға қатысушылардың шығармашылық потенциалын бағалау.

Үй тапсырмасы: «Жаңа қазақстанның болашақ мейіргері: өткенді бағалаймыз, бүгінмен мақтанамыз, болашақты жасаймыз» атты тақырыбында дыбыстық және бейнеролик ұсыну.

2– кезең Тәжірибелік дағдылардың орындалуын бағалау. “Мейіргер ісінің негіздері” пәні бойынша тәжірибелік дағдыларды көрсету.

3-кезең Ситуациялық есептерді шешу. Байқаудың 3-кезеңі «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша worldskills стандарттарына сәйкес:

1. «Медициналық ұйым (стационар) жағдайында дәлелді мейіргерлік күтімді жүзеге асыру» модулі қазақ тілінде

2. «Үй жағдайында науқасқа күтім жасауды үйрету» модулі ағылшын тілінде жүргізілді.

Бас жүлде М-4 топ студенті Сабыржанқызы Жанель

І орын М-3 топ Нағашыбай Дильназ Нұрланқызы

ІІ орын М-46 топ Байдос Гүлзат Қазбекқызы,

ІІІ орын М-4 топ – Олжаева Дана Женисқызы

М-3 топ – Мұсабекова Дариға Алматқызы, М-47 топ – Нұржаубайқызы Манат, М-47 топ – Әзиз Маржан Ғаниқызы алғыспен марапатталды.

Бас жүлде алған М-4 топ студенті Сабыржанқызы Жанель Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша медициналық колледж түлектерінің арасында өтетін «Үздік мейіргер-2024» халықаралық байқауына жолдама берілді.

You may also like...