«Куратор не оқиды?» тақырыбында колледж ішілік танымдық апталық

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапхананың ұйымдастыруымен «Куратор не оқиды?» тақырыбында колледж ішілік танымдық апталық өткізілді.

Мақсаты: студенттерге көркем әдебиет оқуды әдетке айналдыру. Студентті күйзелістен арылту, сөз қорын көбейту, өзіне деген сенімділік ұялату, шығармашылығын дамыту, ойлау мен есте сақтау қабілетін жақсарту, зейін қойып оқуға баулу.

«Куратор не оқиды?» танымдық апталық 7 топ жетекшісі қатысты. М. Әуезвтың «Абай жолы», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Б. Момышұлы «Ұшқан ұя», І. Есенберлиннің «Ақиқат пен аңыз», Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмиді», А. Құнанбаев, З. Шүкіровтың өлеңдері, Түрікмен халық ертегілері таңдап алынды.

Алайда бүгінгі қоғамымыздың кітап орнына пайдаланып жүргендері – ұялы телефон, компьютер және ғаламтор, смартфон негізгі оқу құралы болып отырғандығы белгілі. Әрине, айналысқа енген жаңа технология мен техникалардың жетістіктері қоғамға қажет те болар. Бірақ…

Көркем әдебиетті оқу кезінде шығармадан өмірдің нақты мысалдарын байқаймыз, сондықтан ол бүкіл әлемде өте танымал. Адам оқу барысында кітапта жазылған барлық сәттерді, оқиғалар мен кейіпкерлерді елестету арқылы өзінің жан-дүниесімен қабылдайды. Көркем шығармаларды оқу арқылы адам мен оның мінезін жақсы түсінуге болады, осылайша кітапті оқу күнделікті өмірде көмектеседі. Апталық соңында топ жетекшілері марапатталды.

You may also like...