«Ең оқуға құштар топ» колледж ішілік байқау

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең оқуға құштар топ» топтар арасында колледж ішілік байқау өткізілді.

Мақсаты: Студенттердің оқуға құштарлығын арттыру. Бос уақытын тиімді пайдалану.

Байқауға «Емдеу ісі» -104, «Емдеу ісі» -107 топ, «Мейіргер ісі» – 84 топ, «Мейіргер ісі» – 101 топтар қатысты. М. Әуезовтың «Қилы заманы», Б.Соқпақбаевтың «Ана жүрегі», С. Торайғыровтың «Қамарсұлу», Люси Летбридж «Флоренс Найтенгейль» шығармалары таңдап алынған. Байқаудың 4 кезеңі бойынша слайд арқылы және көрініс-қойылым, оқыған түсінігі бойынша шығармалар жоғары деңгейде өтілді.

Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – деуі осыдан. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Байқау соңында іс-шараға қатысушылардың жеңімпаздарын анықтап марапатталды.

You may also like...