Қош келдің, әз – Наурыз

Жер-дүниені жаңартып, бусандырып жеткен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы құтты болсын! Қазақ халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған.

Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды, өйткені, Наурыз – бірліктің, татулықтың, көктемнің, еңбектің, бақыттың мерекесі болып табылады.

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

You may also like...