ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР -ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгін колледжімізге “Страдыня” Рига университетінің халықаралық эксперті, “Акушерка” кәсіби бакалавр бағдарламасының директоры, акушерка Илзе Ансуле іс-сапармен қонаққа келді. Ол өз сапарында “Акушерлік іс” мамандығы, “Акушер” біліктілігі бойынша ағымдағы бітіретін түлектерге, акушерия және гинекология пәнінің оқытушыларына және “Ана мен бала” перинатальды орталығының акушер-гинеколог дәрігерлеріне “Акушериядағы кезек күттірмейтін жедел жағдайларда көрсетілетін ДДСҰ ұсыныстары” тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер -кластың мақсаты- жедел жағдайларда көмек көрсетудегі ДДСҰ соңғы ұсыныстарынан ақпарат бөлісу және практикада тиімді пайдалану арқылы акушерлік асқынулардың алдын-алулар бойынша тәжірибе алмасу.
Мастер-класс өңіріміздегі мамандардың тәжірибесінде өз нәтижесін береді деп сенеміз.
Шетелдік эксперт өз тәжірибесін 10 сәуірге дейін жалғастырады.