АШЫҚ САБАҚ- КӘСІБИ ШЫҢДАЛУ

«Арнайы мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы, магистр Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы «Паллиативті көмек және онкологиялық бейіндегі пациенттерге күтім жасау» пәнінен «Паллиативті пациенттерге асқорыту жүйесі бұзылысы кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру» тақырыбында 2 курс ҚБ-91 топ білім алушылармен ашық сабақ өтті. Ашық сабақта үй тапсырмасын “Кластер” әдісі бойынша сұрап, жаңа тақырыпты WorldSkills стандарты бойынша күтімді түсіндірді және ауырсынуды бағалау үшін NIPS, CPOT, FLACC шкалаларын қолданды. Сабақты қорытындылау үшін білім алушылардан “Quizizz” бағдарламасымен тест алып. БББ (білемін, білдім, білгім келеді) кестесін толтырып, ауызша кері байланыс жасады.

You may also like...