БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА МЕДИАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Колледжінің 1 курс студенттерімен кездескен «Бітім» медиация орталығының директоры, кәсіби медиатор Жанна Мирамбекқызы және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Медиация кабинетінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова медиация институты жайлы жалпы мағлұматпен бөлісті.

Жанна Мирамбекқызы студенттерге зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, кибербуллинг, алаяқтықтан аулақ болу, займ алу, оңай ақшаға қызықпау мәселелерін қозғады.

Медиация институты, оның тиімділігі мен тәртібі жайлы айтылды. Сонымен бірге студент жастарды тегін медиациялық кеңес алуға шақырды.

Кездесу соңында студенттердің тақырып бойынша сұрақтарына жауап берілді.

You may also like...