ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Бүгін Тараз қаласында өткен халықаралық “ҮЗДІК МЕЙІРГЕР-2024” кәсіби байқауында колледжіміздің “Мейіргер ісі” мамандығының студенті Сабыржанқызы Жанель І орынды жеңіп алды.

Бірнеше турдан тұрған байқауға Ресей Федерациясынан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларынан, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстарынан 30-дан астам үміткердің ішінен дара шыққан Жанельге және оны додаға аса тыңғылықты даярлаған ұстаздары мен жетекшілеріне ұжым атынан Алғысымызды білдіреміз.

Оқу орнымыздың мерейін көтерген қатысушылардың да мерейлері әрдайым үстем болсын!

Алдағы уақыттарда әлемдік кәсіби сайыстардан жеңіс тұғырынан көріне беріңдер демекпіз!

Жеңіс баршаңызға ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

You may also like...