ЖЕЛБІРЕ-ЖЕҢІС ТУЫ

9 мамыр -Ұлы Жеңіс мерекесіне орай күні Емдеу ісі-121 топ эдвайзері Айдарбек Нұрбек пен емдеу ісі-120 топ эдвайзері Жомартова Мөлдірдің және топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Желбіре-жеңіс туы» атты мерекелік кеш өтілді.

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшіліктің және қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбынын, Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Жеңіс күні – абырой мен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сұм соғыста Жеңіске жеткізді.

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

You may also like...