БОЛАШАҚ ТІС ТЕХНИГІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

29-30 мамыр күндері Астана каласындағы Медициналық -техникалық колледжінде өткен ІV халықаралық “ҮЗДІК ТІС ТЕХНИГІ-2024” байқауында колледжіміздің Ортопедиялық стоматология мамандығы, 90 топ студенті Жеткергенова Ақмарал І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМДЫ жеңіп алды. “Алынбайтын тіс протездерін дайындау техникасы” бағыты бойынша топ жарған білім алушымыз бірнеше кезеңде де жоғарғы бағаға ие болды. Сондай-ақ осы байқауда Джорабаева Оғылай есімді студентіміз “ЖЕКЕ ДАРАЛЫҒЫ” номинациясына ие болды. Жеңімпаз студентіміздің кәсіби дағдысын қалыптастыруда Стоматология мамандығының арнайы пән оқытушылары Т.Кушербаева, Қ.Әнафия және Теңізбаев А. еселенген еңбектерін айта кету керек.

Колледжіміздің мерейін үстем еткен білім алушылар мен жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Халықаралық білімділер сайысына жеңімпаздарымыздың қатысуына жан-жақты қолдау білдірген колледжіміздің директоры Ж.А.Калмаковаға ұйымдастырушылар атынан берілген АЛҒЫС ұжымға үлкен серпін берді.

You may also like...