БАЛАЛАРҒА-БАЗАРЛЫҚ

Бүгін 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай колледж қызметкерлерінің 5-8 жас аралығындағы балалары үшін <<Балаларға базарлық! >> атты мерекелік шоу-думаны ұйымдастырылды.

Колледж директоры Ж. А. Калмакова балғын бүлдіршіндер мен барлық қатысушыларды балдаурен мерекемен құттықтады.

Балақайлар шоу-думанда ән салып, би биледі, домбырада күй шертіп, арнау тақпақтарын оқыды.

Колледж әкімшілігі, Кәсіподақ ұйымы атынан балақайларға сыйлықтар табысталып, <<Сүп-сүйкімді>>, <<Тәп-тәтті >>, <<Доп-домалақ >>, <<Аппағым >>, <<Тентегім >> номинациялары бойынша марапат иелері анықталды. Сонымен қатар, ата аналар колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.

You may also like...