“Менің жетістігім-менің нәтижем”
Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ҚР Еңбек күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айының 27 жұлдызында Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенттері арасында “Менің жетістігім-менің нәтижем” тақырыбында дебат турнирі болып өтті. Дебат турнирін өткізу мақсатымыз студенттердің білімдерін шыңдау, өзін-өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.
Турнирге қатысқан студенттер фракциялар 1,2,3 орынмен және үздік спикер, үздік төреші номинациясымен марапатталды.



