ЛУДОМАНИЯ- ҚАУІПТІ “ІНДЕТ”

21 желтоқсан күні І курс білім алушылар арасында

«Қаржылық сауаттылық, қаржылық қауіпсіздік, лудомания, ойынқұмарлық» (игромания) тақырыбында түсіндірме, жат қылықтардың алдын-алу мақсатында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру–бақылау

басқармасының аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі, ЭТҚ майоры М.Т.Оралбаева, әкімшілік басқармасының бас маманы С.С.Ержановалардың қатысуымен кездесу болды. Кездесуде бүгінгі күні құмар ойынға салынғандар саны көбейгені соншалық «лудомания» деген жаңа терминнің пайда болуы, оның мәнісі, онымен күресу мәселелері айтылды. Түрлі ойын орталықтары, құмар ойындар т.б шектеу қажеттілігі жайлы ақпарат берілді. Яғни әлеуметтік желі мәдениетін сақтай отырып, дұрыс пайдалануға кеңестер берілді. Кез келген адам ағзасына, денсаулығына, өміріне зиян келтіретін іс әрекеттерден аулақ болған жөн. «Өскелең ұрпақты түрлі құмар ойындардан сақтандыру керек. Жеңіл жолмен пайда табу, жақсылыққа апармайды. Әр адам, әр тұлға тек адал еңбекпен, терең біліммен еңбектенуге ұмтылу керек деген мағынада түсіндірулер болды.

You may also like...