ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ
Студенттік өмір – адамның жастық шағында,шаршауды білмей, ізденумен, танысумен, табысумен өтетін, ерекше естеліктерімен есте қалатын шақ ешқашан ұмытылмайды.
Бүгін осы мерекеге орай, жатақханамызда “Студенттер күні”- не арналған ерекше кеш өтті. Бұл кеште жалындаған жастық шақ пен достық және шығармашылықтың керемет үйлесімі көрініс тапты!
Кешке қатысушылар бір-бірімен жақын танысып, жаңа достар тапты. Ең бастысы – бәріміз осы бір ерекше күннің қуанышын бірге бөлістік.