«Саналы ұрпақ»
2024 жылдың 26 қараша күні Атырау қаласында «Саналы ұрпақ» жастар клубының І-ші Республикалық слеті өтті. Республикамыздың 13 облысынан жас волонтерлар қатысып, өз өңірлерінің тарихы, сондай-ақ оқу орындарындағы «Саналы ұрпақ» волонтерлық клубы жайлы таныстырылым жасады.
Слет барысында қатысушылармен психологиялық тренинг өткізіліп, нәтижесінде командалар қайта жасақталып, бекітілген тақырыпта постер жұмыстары қорғалды. Сонымен қатар, Атырау қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшыларымен, өзге де волонтерлық ұйым басшыларымен болған сұхбат айдарында елдегі ахуалға талдау жасалынып, тәжірибелермен пікір алмасты.
Атырау тарихы терең, бай өлке. Слет барысында бағдарламадағы Ежелгі Сарайшық мекенінің ғажайып сырларына да қанығып қайттық. «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлық ұйымының шешімімен алдағы 2025 жылғы Республикалық слеті Ұлытау облысына өтеді деп бекітілді.