«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘДІСТЕРІМЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
«Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Нүрпейісова Эльмира Серікбайқызы «Емдеу ісі» бөлімі 11 топ, 1 курс білім алушыларымен «Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақты жасанды интеллект «DI-ID» бағдарламасы арқылы тарихи тұлғаның кіріспе сөзімен бастады. Одан соң «Flippity» оқу платформасы арқылы топты 3 топқа эмблемасымен: 1 топ – «Young poets», 2 топ – «Young writers», 3 топ – «Young scientists» топтарына бөлді. Өткен сабақты тексеру кезеңінде STEM технологиясы арқылы постер және үлестірмелер қорғалды. Рефлексиялық «Жалған және шындық» әдісі қолданылды. «Spin the wheel» генераторы арқылы топтың тақырыпты меңгеруі анықталып оқытушы үй тапсырмасын қорытындылап, жаңа сабақпен байланыстырды.
«Миға шабуыл» әдісі ретінде «Merge Cub+Object Viewer» 3D және “Mozaik3D» платформалары арқылы визуалды, виртуалды саяхат жасалып жаңа тақырып болжанды. Жаңа тақырып CLILL технологиясы арқылы жаңа тарихи терминдермен ғылыми түрде түсіндірілді. Жаңа тақырыпты бекіту кезінде «Blooket» платформасы негізінде жеке жұмыс орындалды.
«Сәйкестендіру» әдісі арқылы ақын-жазушылар шығармашылығы бойынша жұптық жұмыс орындалды. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында PISA тапсырмасы орындалды. Таратпа материалдарының барлығын «Canva» құрылғысы арқылы оқытушы өзі жасаған.
Жаңа тақырып “SWOT» талдау негізінде әр топ бойынша қорытындыланды. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып, «Айфон» әдісі арқылы кері байланыс жасады. «Білім қоржыны» әдісі арқылы бағаланды. Ашық сабаққа қатысушы оқытушылар QR- код әдісі арқылы өз кері байланыстарын жасады.






