ҚҰМАР ОЙЫНЫ ҚҰРДЫМҒА АПАРАДЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында кешенді жоспар аясында колледж студенттері ҚПБ ЖППБ ЮПБ инспекторы, полиция капитаны Асқар Досмағанбетовпен кездесті. Кездесуде “Лудомания – ғасыр індеті!”, “Stop Vandal” атты вандализімге қарсы тақырып көтерілді. Қазіргі жастардың санасын улап, олардың психикасына кері әсер етіп, болашағына балта шапқан проблемалардың бірі лудоманияның алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. “Лудомания — бұл жастарды да, ересектерді де аямайтын қорқынышты ауру. Ол шексіз қарыздар мен отбасылық қақтығыстар тудырады. Құмар ойындарынан аулақ болу керек” деді А. Досмағанбетов.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Тұтқабайқызы лудомания салдарынан қанша отбасының шайқалып, ата-аналарына ауырлық болып, балдар тіпті қылмысқа барып жатқан оқиғаларды баяндап, жастарды сақтануға шақырды. Мамандар бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті сақтамау, бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті. Құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап берді.


