АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен қорғалуы, әл-ауқаты, білімі мен әлеуметтік жағдайы – басты назарда. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау – әрқашан білм ордасының басты міндеті.
Колледждің «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының ұйымдастырумен «Өмір бойы оқыту: НЕГЕ? ҚАЛАЙ?» деген тақырыпта бас қосу болды.
Мақсаты – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамыту.
Орталық мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Молдраймова және оқытушы Нұрлыбек Абдиканиев ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас дағдыларына кеңінен тоқталды.
Ата-аналермен еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.



