«Кітап – сарқылмас рухани әлем» атты кітап көрмесіне бейне шолу

Қызылорда медициналық жоғары колледж кітапханасының оқу залында «Кітап – сарқылмас рухани әлем» атты кітап көрмесіне бейне шолу жүргізілді. Көрмеге 49 дана кітап қойылды. Көрме үш бөлімнен тұрады. «Қазақ фольклорының үздік үлгілері» бөліміне «Жеті ғасыр жырлайды», «Қазақ эпостары», «Манас», «Қырық қыз», «Тарихи жырлар», «Дастандар», «Бес ғасыр жырлайды». «Ең көп оқылатын кітаптар» бөліміне «Абайдың қара сөздер», М. Әуезовтың «Абай жолы» романы, І. Есенберлиннің «Көшпенділері», М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» шығармалары. «Кеңестік кезеңіндегі балалар әдебиеті» бөліміне С. Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Көбеев, Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, Қадыр Мызра Әли, Ө. Тұрманжанов «Адам адамға дос» шығармалары қойылып насихатталды. Аталған оқулықтар колледж оқырмандарына белсене пайдалану ұсынылады. Әдебиеттерді колледж кітапханасының кітап қорынан танысуға болады.

You may also like...