КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
14 наурызда елімізде Көрісу күні (Амал мерекесі) аталып өтеді. Бұл күні тұрғындар туған-туыс, көрші-көлеммен көрісіп, бір-бірін жаңа жылдың басталуымен құттықтайды. Бұрынғы өкпе-реніш, араздықты ұмытып, жақсы тілектер тілейді.
Бізде баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілейміз! Айдан аман, жылдан есен болайық!
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
