МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ
Қызылорда облысында апта сайын ұйымдастырылатын жаппай сенбілік бүгін де жалғасты.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына әдеттегідей медицина саласының қызметкерлері де белсене қатысты. Шара аясында өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілдi.



