МЕЙІРГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжі«Мейіргер — мейірім иесі» апталығы аясында «Мейіргер ісі негіздері» пән оқытушыларының ұйымдастыруымен Оңалту орталығының мейіргер мамандарына семинар өтті.
«Инъекциядан кейінгі асқынулар» тақырыбында Мусабаева Сәуле Бауыржанқызы, «Анафилактикалық шок кезінде көрсетілетін жедел көмек» туралы Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы және «Қандағы қант деңгейін анықтау» – Әлімжанова Әйгерім Қайырбекқызы баяндады. Сонымен қатар, «Инсульттан кейінгі медициналық реабилитация» тақырыбында Жұмағұлова Салтанат Бақытқызы бөлісті. Семинарға 23 мейіргер қатысты. Сабақтың мақсаты — Мейіргер мамандығының адамгершілік, кәсіби, рухани қырларын ашу, студенттерге мейірім мен жанашырлықтың денсаулық сақтау саласындағы орны мен маңызын түсіндіру.
Негізгі бөлімде «Инъекциядан кейінгі асқынулар»,«Анафилактикалық шок кезінде көрсетілетін жедел көмек», «Қандағы қант деңгейін анықтау»«Инсульттан кейінгі медициналық реабилитация» тақырыптарында презентация түсіндіріліп, сұрақ-жауап, пікірталас жүргізілді.
Семинарды ұйымдастырушылар:«Оңалту орталығы» КММ бас мейіргері Садуақасова Айнұр ТөлегенқызыҚызылорда медициналық жоғары колледж оқытушылары:Мұсабаева Сәуле БауыржанқызыЗейнебай Гүлзира Ермұратқызы Әлімжанова Әйгерім ҚайырбекқызыЖумагулова Салтанат Бақытқызы