14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Яғни адамдар бір біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн. Кітап – адамзат қоғамының ұлы жетістігі, ұлы ұстазы. Кітап сыйлау дәстүрі туралы айтқан кезде мына жағдайды ескеруіміз керек: кітап басып шығару өндірісі жолға қойылу тарихы сегіз ғасырға, ал кітапты қол еңбегімен беттеп-қаттап құрастырып, оны көбейтіп көшіріп оқудың тарихы ондаған ғасырға кетеді дегенімізбен, кітап сыйлау күні – салыстырмалы түрде өте жас. Яғни бұл бүгіннен, 2012 жылдың 14 ақпанынан бастау алады. Бұл күнді белгілеп өткізудің мән-мағынасы – адамдар бір-біріне, әсіресе ересектердің балаларға кітап сыйлау арқылы оларды кітап оқу дағдысына баулу және өзара мәдени сипаттағы жылы қарым-қатынасты дамыту болып саналады.

You may also like...