ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Есдәулетова Меруерт Көлбайқызы SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасының «Үздік» төсбелгісімен марапатталды.
Меруерт Көлбайқызы білім ошағында он екі жылдан бері қызмет етіп келеді. Бүгінде «Фармация, стоматология» бөлімінің меңгерушісі.
Ал ұжымның бірлігі мен сыйластығының ұйытқысы болған бастауыш кәсіподақ ұйымына 4 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Кәсіби мереке қарсаңындағы марапатымен Меруерт Көлбайқызын шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, қызметіңізге табыс, шаңырағыңызға шаттық тілейміз!

